Балаларға қосымша білім беруге арналған Бірыңғай мемлекеттік тапсырыс бойынша кезекке қою туралы

Балаларға қосымша білім беруге арналған Бірыңғай мемлекеттік тапсырыс бойынша кезекке қою туралы

Шымкент қаласының білім басқармасы балаларға қосымша білім беру бойынша әмбебап ваучер алу үшін электронды кезекке қою процесі 2025 жылғы 18 қазанда ашылатынын хабарлайды.

  1. Интернет-порталдың мекенжайы: https://shymkent.mindal24.kz/ ;
  2. Бейненұсқаулық өтініш беру формасының ішінде қолжетімді;
  3. Кезекке қою қызметі тәулік бойы, жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді;
  4. Өтініштер тек баланың заңды өкілдерінен (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары, патронаттық тәрбиешілер және басқа да заңда көзделген тұлғалар) қабылданады. Бұл заңды өкілдің мәртебесі мемлекеттік деректер базасы арқылы расталуы тиіс;
  5. Өтініш берушінің Шымкент қаласында тұрақты немесе уақытша мекенжай тіркеуі болуы қажет;
  6. Өтініш берушінің ұялы телефон нөмірі Egov мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс;
  7. Өтініштер тек Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын балаларға  қабылданады;
  8. Жеңілдік санатына жататын өтініштер (белгіленген үлгідегі құжаттардың скан-көшірмелерімен расталған жағдайда) кезекке қойылмас бұрын Білім басқармасы тарапынан алдын ала қаралып, расталады;
  9. Ваучерлердің берілуі туралы қосымша хабарландыру жарияланады (назар аударыңыз: кезекке қою, ваучер беру және ұйымға қабылдау — әр түрлі процесстер; ваучерлер бюджет қаражаты бар болған кезде автоматты түрде беріледі)