ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шымкент қаласының білім басқармасы 2025-2026 оқу жылына жергілікті әкімдік тарапынан бөлінген 285 грант бойынша кадрлар даярлайтын (оқытатын) жоғары оқу орындарының тізімін жариялайды (ҚОСЫМША).

Әкімдік грантын иелену үшін талапкерлер (Шымкент қаласының тұрғындары) 2025 жылғы 14 – 20 тамыз аралығында таңдалған ЖОО-на келесі құжаттарды тапсырады:
1) Ректор атына еркін нысандағы өтініш;
2) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3) Жеке куәлік көшірмесі;
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) Ф 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) ҰБТ сертификаты;
7) Ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық) (бар болған жағдайда);
8) ҚР азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады (бар болған жағдайда).

Конкурс нәтижесімен әр мамандық бойынша грант иегерлерінің тізімі Шымкент қаласы білім басқармасының ресми интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim?lang=kk) және инстаграмм-парақшасында (bilim_shymkent) а.ж. 25 тамыз күннен кешіктірмей жарияланады.
Грант иегерлеріне білім басқармасы тарапынан сертификат беріледі, сол сертификат негізінде ЖОО ректоры бұйрық шығарып, талапкер сол білім беру ұйымына оқуға қабылданады.