Бүгін Шымкент қаласындағы Көрме орталығында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Мақсаты: жас мамандар мен білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланысты нығайту.
Іс-шараны Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жәрмеңкеде 344 бос жұмыс орны ұсынылды:
– 243 — мектеп мұғалімі;
– 60 — балабақша тәрбиешісі;
– 41 — қосымша білім беру маманы.
Сонымен қатар, қатысушылар НОБД HR жүйесі арқылы тіркеліп, құжат тапсыру тәртібімен танысты.
«HR тіркеу бұрышында» мамандар ЭЦҚ арқылы онлайн тіркеуге көмектесті.
Айта кетейік, грант негізінде оқыған, GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары, сондай-ақ сертификаттаудан өткен түлектер конкурссыз жұмысқа қабылданады.
Жас мамандарға — сәтті таңдау, жарқын кәсіби жол тілейміз!