Құрметті жас маман!
Сізді педагогтерге арналған «BilimQadam-2025» бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!
Бұл — өзіңізге лайықты білім беру мекемесін табуға, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға және кәсіби жолыңызды сенімді бастауға тамаша мүмкіндік!
Өтетін күні: 2025 жылғы 13 тамыз, сағат 10:00
Өтетін орны: Көрме орталығы, Н. Назарбаев даңғылы, 12
Іс-шараның мақсаты:
Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін мектептермен, балабақшалармен және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдерімен тікелей байланыстыратын тиімді алаң құру.
Біз көмектесеміз:
− жұмыс орныңызды таңдауға,
− педагог лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу тәртібімен танысуға,
− Ұлттық білім беру деректер базасына (НОБД HR) тіркелу бойынша кеңес алуға.
Бағдарламада:
✓ Әртүрлі пәндер бойынша бос орындар
✓ Білім беру ұйымдарының өкілдерімен жедел сұхбаттасу мүмкіндігі
✓ Білім бөлімі мамандарынан кеңес
✓ НОБД HR платформасына тіркелу бойынша нұсқаулық
✓ Жадынамалар, пайдалы кеңестер және жедел көмек
Маңызды ақпарат!
Мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе жергілікті атқарушы органдардың (акимат) тапсырысы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған, GPA 3,33 баллдан төмен емес, сертификаттаудан өткен түлектер конкурсқа қатыспай-ақ жұмысқа орналаса алады!
Мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Өзіңмен бірге ала кел:
✓ Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
✓ Түйіндеме (жинақы, креативті әрі нақты!)
✓ Диплом мен электрондық құжаттардың көшірмелері
Кәсіби жолыңды сенімді баста!
Белсенді, сенімді бол және дайын кел — бәлкім, дәл осы жәрмеңкеде сен өз болашағыңды қалыптастыратын жұмыс орның мен кәсіби ортаңды табарсың!
BilimQadam– бұл мүмкіндіктер алаңы!
Түйіндемеңді ала кел — ол сені сөйлетсін!
Біз дәл сені күтеміз!
Болашағыңды бүгіннен баста!