Биылғы оқу жылына 285 білім беру гранты қарастырылған. Бұл – республикалық грант конкурсында өте алмаған талапкерлер үшін жоғары білім алуға екінші мүмкіндік!
7–8 тамыз күндері жоғары оқу орындарының арасында конкурс өткізіледі. Конкурс қорытындысы 5 жұмыс күні ішінде анықталатын болады. Нәтижесінде:
- Кадрларды даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лар тізімі;
- Білім беру бағдарламалары,
- Әр бағдарлама бойынша грант саны нақты айқындалады.
Комиссия шешімі шыққан соң, барлық ақпарат ресми парақшаларда жарияланады. Талапкерлер тиісті жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырып, жергілікті (әкімдік) грант конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.