Шымкент әкімдігі талапкерлерге 285 білім грантын бөлді

Шымкент әкімдігі талапкерлерге 285 білім грантын бөлді

Шымкент қаласында 2025–2026 оқу жылына арналған жергілікті атқарушы органның (әкімдік) білім беру гранттары бекітілді. Биылғы оқу жылына 285 орын қарастырылып отыр.

Мамандықтар мен бағыттар бойынша бөлінісі:
-6B01 Педагогикалық ғылымдар – 20 орын;
-6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 33 орын;
-6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 6 орын;
-6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 40 орын;
-6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 105 орын;
-6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 68 орын;
-6B10 Денсаулық сақтау – 1 орын;
-6B11 Қызмет көрсету – 12 орын.

7–8 тамыз күндері жоғары оқу орындарының арасында конкурс өткізіледі. Оның нәтижесінде кадрларды даярлауды іске асыратын ЖОО-лардың тізімі мен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ сол бағдарламалар бойынша нақты гранттар саны анықталады.

Комиссияның соңғы шешімінен кейін талапкерлер тиісті ЖОО-ларға құжаттарын тапсырып, грант конкурсына қатыса алады.

Бұл бастама республикалық грант конкурсында өте алмаған талапкерлер үшін жоғары білім алуға екінші мүмкіндік береді.