2025–2026 жаңа оқу жылына Шымкент қаласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 25 маусымнан басталды! Биылғы жылы қала бюджетінен 8000 оқу гранты бөлініп, 26 колледжге үлестірілді.
Гранттар келесі салаларға бөлінді:
• Білім – 855 орын
• Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 454
• Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат – 90
• Бизнес, басқару және құқық – 25
• Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1365
• Инженерлік, өңдеу және құрылыс – 3490
• Ауыл, орман, балық шаруашылығы, ветеринария – 25
• Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау – 450
• Қызмет көрсету саласы – 1246
Құжаттар қабылдау екі жолмен жүзеге асады:
1. Тікелей колледждер арқылы
2. www.egov.kz порталы арқылы
Қабылдау ерекшеліктері:
– Жұмысшы мамандықтар мен кейбір бағыттарда әңгімелесу нәтижесімен қабылданады
– Орта буын мамандығы мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер аттестаттың орташа балы бойынша конкурс арқылы
– Арнайы емтихандар (эссе, тест) – шығармашылық, педагогикалық, медициналық мамандықтарға
Қажетті құжаттар:
1. Өтініш
2. Аттестат түпнұсқасы
3. 3х4 цифрлық фотосурет
4. Медициналық анықтама (075/у немесе 031/у)
5. Арнайы санаттағы азаматтар үшін растайтын құжаттар
6. Цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін)
7. Шетелдіктер – тіркеу белгісі бар мәртебе құжаты
Құжаттар қабылданған соң, ақпараттық жүйе автоматты түрде гранттарды үлестіреді. Мемлекеттік тапсырыс иелері тамыз айының соңында жарияланады.