2024–2025 оқу жылы: Шымкент мектептерінде үздіктер саны артты

2024–2025 оқу жылы: Шымкент мектептерінде үздіктер саны артты

Шымкент қаласында 2024–2025 оқу жылында 15 639 оқушы мектепті аяқтады.
Олардың ішінде 650 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 1 115 оқушы «Үздік аттестат» алды. Бұл — өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

Биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 41 пайызға, ал «Үздік аттестат» иегерлерінің саны 21 пайызға артты. Бұл — өңірде білім сапасының артуының, оқушылардың еңбекқорлығы мен мектептерде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

  Қымбатты түлектер!
Алда сіздерді жаңа белестер мен мүмкіндіктер күтіп тұр. Жолдарыңыз әрдайым ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!