Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57 Бұйрығына (Жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы) сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына орналасуға қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ, QAZAQ RESMI TEST) өз бетінше өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшелері және www.egov.kz порталы арқылы қабылданады.Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде (09-17.06.2025ж аралығында) жүргізіледі.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген нысандар (3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, №075 нысан, т.б) бойынша құжаттарды тапсыруды сұраймыз.
Сұрақтар туындаған кезде 8-778-279-09-88 нөміріне хабарласуыңызды сұрайды.
Конкурс жарияланған мекемелер:
1. «А.Асқаров атындағы №77 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Самал 2, №116 ғимарат;
2. «№125 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнарбұлақ үй алабы, Актама көшесі, ғимарат №9А;
3. «Ж.Омарова атындағы №1 балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорыны, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Адырбекова көшесі, ғимарат №81;
4. №31 "Салтанат" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы, №81 ғимарат;