ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Құрметті ата-аналар!

2024 жылғы 24 қазанда Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жоба — «ақша баламен бірге жүреді» қағидатына негізделген атаулы қаржыландыру жүйесі. Енді қаржыландыру ата-аналардың тікелей бақылауында. Бұл балабақша кезектерін ілгерілетуге, қаржыландырудағы бұзушылықтарды жоюға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап жазғы қабылдау науқаны басталады.
Осы күні кезектер автоматты түрде жаңартылады. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2 жасқа толатын балалар жасына және жеңілдіктеріне қарай 21-категориядан жоғары кезекке ауыстырылады.

   Маңызды: 21-категория бойынша ваучер берілмейді. Жоғары кезекке ауыстырылғаннан кейін балалар ваучерлерді бөлу процесіне қатыса бастайды. Бұл өзгеріс шамамен 10 000 балаға әсер етеді деп болжануда.

2025 жылғы 20–30 маусым аралығында:
• Балабақшаларға қабылдау уақытша тоқтатылады;
• Ваучерлерді беру тоқтатылады;
• 6 жасқа толған балалар жүйеден шығарылады;
• Жаңа оқу жылына арналған топтар құрылады.

1 шілде күні, сағат 18:00-де:
• Жүйеде бос орындар қолжетімді болады;
• Алдымен бос орындар күту парағына түседі (басқа балабақшаға ауысқысы келетіндер үшін);
• Сағат 19:00-де бос орындар барлық ваучер иелеріне ашылады.

Маңызды ақпарат:
• Күту парағына өтініш тек ваучері бар және балабақшаға тіркелген балалар үшін ғана беріледі;
• Бұл мүмкіндік көбінесе жекеменшік балабақшадан мемлекеттік балабақшаға ауысу мақсатында пайдаланылады.Ваучерлерді беру тәртібі:
• Ваучерлер INDIGO жүйесінде автоматты түрде, кезек тәртібімен беріледі
• Орын «ұстау» немесе қолмен іздеу енді жоқ.
• Хабарламалар келесі арналар арқылы жолданады:
o ED24 мобильді қосымшасы
o INDIGO жүйесіндегі жеке кабинет

Ваучер алған соң не істеу керек?
1. Ваучерге қызығушылықты 2 жұмыс күні ішіндерастау қажет (жеке кабинетте тиісті батырманыбасу арқылы).
2. Растаудан кейін:
o Балабақша таңдалады.
o 5 жұмыс күні ішінде электрондықкелісімшарт жасалады.
Егер ваучер расталмаса немесе келісімшартжасалмаса - ваучер жойылады.

Қажетті балабақшада орын болмаса:
• Баланы жақын маңдағы бос орны бар балабақшағатіркеу ұсынылады (мемлекеттік немесежекеменшік).
• Қалаған балабақшаға күту парағына өтініш беругеболады
(бір уақытта 4 балабақшаға дейін таңдаумүмкіндігі бар).

Электрондық келісімшарт үшін қажеттіқұжаттар:
• Баланың фотосуреті
• Екпелер картасы (065/у нысаны)
• Денсаулық паспорты (051-2/у нысаны)
• Денсаулық туралы анықтама (027/у нысаны)
• Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін -ПМПК қорытындысының көшірмесі
Құжаттар PDF немесе JPEG форматында, әрфайлдың көлемі 1 МБ-тан аспауы тиіс.

Назар аударыңыз!
Егер балабақшадағы вакцинацияланбағанбалалардың үлесі 10%-дан асса - мекеме келісімшартжасасудан бас тартуға міндетті.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес: ұжымдық иммунитет деңгейі кемінде 90% болуы тиіс.

Ата-аналарға ұсыныстар:

• INDIGO порталында тіркелген балабақшаларменалдын ала танысыңыз.
• Ұйымға барып, қызметкерлермен сұхбаттасып, жағдайымен танысыңыз.
• Балама ретінде бірнеше нұсқаны таңдаңыз.
• INDIGO жүйесіне тексеруден өткен, мемлекеттіктапсырыс орындайтын, білім беру стандартынасай балабақшалар ғана енгізілген.

ED24 қосымшасын жоймаңыз, INDIGO жүйесіндегі жеке кабинетте хабарламаларды үнемітексеріп отырыңыз.