Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке — егемен еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын бейнелейтін, халқымыздың рухын, ар-намысын айқындайтын ерекше күн. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялататын қасиетті құндылықтар.

Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет — Отанымызға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілейміз.

Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, рухымыз асқақтай берсін!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!