2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал есептеулер $129,38 құрады.
Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балаларда инвестициялық кірісті қоса есептегенде, жинақтардың жалпы сомасы – $232,94. Ұлттық қордан берілген жалпы сома $1,5 млрд-ты құрады.
Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады, содан кейін оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады. Осы мақсаттарға 118 мыңнан астам өтінім берілді, оның 97 мыңы орындалды. Жалпы сомасы $11 млн 399,1 мың. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 63 871 өтінім берілді, оның ішінде 56 591 өтінім орындалды және $6, 647,9 млн төленді. Оқу ақысын төлеуге 54 270 өтінім берілді, оның ішінде 40 466 өтінім орындалды және $4,751,2 млн төленді.
Бүгінгі таңда «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы әрбір баланың болашағы үшін қаржылық база құруға бағытталған ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау нысаны болып саналады.