Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады: «Министрге хат»

Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады: «Министрге хат»

 2025 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында республикалық «Министрге хат» акциясы өтеді.

​  Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру.

​   Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com

  Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін.

​  Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
• баланың тегі мен аты;
• оқу орны;
• мекенжайы мен байланыс телефоны.

​  Акция қорытындысы бойынша Министр хаттармен жеке танысып, ең мазмұнды әрі шынайы хаттарға жеке жауап береді.

  ​«Министрге хат» — бұл әр баланың дауысы маңызды саналатын сенім мен құрмет алаңы.