221 ҰЙЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АРАЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУДЫ БАСТАДЫ

221 ҰЙЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АРАЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУДЫ БАСТАДЫ

 Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласындағы 221 жалпы білім беру ұйымында биыл екінші рет 5-8 және 10 сынып оқушылары (жалпы 119 493 оқушы) 27 мамырдан бастап қазақ тілінен аралық емтихан тапсыруға кірісті.

  Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалауға бағытталған. Ол негізгі орта (5-8 сынып) және жалпы орта (10 сынып) деңгейлерінде, қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен, ал қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен МЖМБС талаптарына сәйкес (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жазбаша және ауызша түрде өткізіледі. Эссе нысанындағы тапсырманы орындау үшін 180 минут уақыт беріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға оқу мақсаттары мен өткен тақырыптарына сай емтихан алынады, ал келе алмайтындар үшін үйде емтихан алу ұйымдастырылады.

  Емтихан өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалып, тапсырмалар академиялық адалдық қағидаттарына сай педагогтермен құрастырылып, білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.