Хабарландыру!

Хабарландыру!

«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Шымкент МӨЗ-нан қалаға            2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.

Бөлінген дизель отыны көлемі – 616 тонна. Зауыттан жіберу бағасы -            278 846 теңге/тоннасына немесе 232 теңге/литр.

Басқарманың орналасқан жері: Шымкент қаласы, Назарбаев даңғылы – 10, 1401-кабинет. Тел.: 8/7252/247408, эл. почта: gorvet.otdel@mail.ru.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 12-18 ақпан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 18 ақпан сағат 18-30.

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;

цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;

«Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.

2025 жылғы көктемгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторларды айқындау комиссиясының өткізілетін орны: ағымдағы жылдың 20 ақпан, жергілікті уақытпен сағат 16.00-де, Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты № 1401 кабинет (комиссия отырыс өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады).

 

Ауыл шаруашылығы
жұмыстарына мұнай өнімдерін
бөлудің өңірлік операторларын
айқындау қағидалары
1-қосымша

                                                                                                   Нысан

 

Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім

      

  1. __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

атынан ______________________________________________________________

           (бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

       Атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.

  1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:    

атауы ________________________________________________

бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________

мекенжайы: __________________________________________________________ телефон нөмірі (факс), электрондық почта: ________________________________

      Жеке тұлға үшін:

аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________________

жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

нөмірі _______________________________________________________________

кім берді ____________________________________________________________

берілген күні _________________________________________________________

мекенжайы:__________________________________________________________

телефон нөмірі (факс), электрондық почта: ________________________________

      Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

орналасқан жері ______________________________________________________

хабарлама күні _______________________________________________________

      Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы: 

      _________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы

      _________________________________________________________________

      Өтінім берілген күн: 20__ жылғы __________________