Қала аумағындағы Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстарының дайындық іс-шарасы

Қала аумағындағы Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстарының дайындық іс-шарасы

Қала аумағындағы Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстарының дайындық іс-шарасы бойынша, БАҚ өкілдірімен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Қала аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энзоотиялық ауруларының алдын-алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында, оларды жою бойынша тиісті іс-шаралар жоспарланды.
Сонымен қатар, энзоотиялық (кенеге) ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізіледі:
Жоспар:
-152 510 бас ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку, тоғыту;
-2 325 750 ш.м. қора-жайлар мен буферлік аумақтарды;
-2 311 161 ш.м. саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандыру.

Атқарушы мекеме: «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22, 8-707-414-68-96.
Залалсыздандыру жұмыстарына:
- 6 дана бүркуіш аппараты орнатылған автокөлік,
- 6 бригада (3 адамнан жалпы саны 18 жұмыскер) мамандары жұмылдырылады.

Залалсыздандыру жұмыстары, тек малы бар (тіркелген) және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге бюджет есебінен жүргізіледі.
Ветеринариялық шараларды жүргізу барысында мал және қора-жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін:
- алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге;
- ірі малдарын дезинсекторларға бүрку үшін жеткізуге;
- ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған әуіттерге жеткізуге міндетті.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруа қожалық иелері өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін залалсыздандыру жұмыстарына жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!