Шымкент қаласында жыл сайын 15 мың тоннаға жуық өнім жиналуда

Шымкент қаласында жыл сайын 15 мың тоннаға жуық  өнім жиналуда

Қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады.

​Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.