«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың  ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

Шымкент қаласы                                                                     30.07.2022 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын басқарманың атауы: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (әрі қарай - Басқарма).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары», Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 2022 жылғы 17 наурызындағы №46-нқ санды бұйрығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты:

  • Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

  1. Т. Мекамбаев – Басқарма басшысының орынбасары;
  2. Ж.Тоғай – агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы;
  3. Ш.Шоланбаева – шаруашылық саласын мемлекеттік қолдау көрсету бөлімінің басшысы;
  4. М. Ержигитов – ветеринария бөлімінің басшысы;
  5. И. Махатаева – инвестиция тарту және қайта өндеу бөлімінің басшысы;
  6. А. Рахматуллаев - машина-трактор саласын реттеу бөлімінің басшысы;
  7. Ж.Ханиев - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
  8. З. Онгарбаева – инвестиция тарту және қайта өндеу бөлімінің бас маманы.

Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 13.07.2022 – 29.07.2022 жыл  аралығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:     2021-2022 ж.ж. (қаңтар-шілде).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: басқарма  басшысының орынбасары Т. Мекамбаев

 

KPI 1: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ (%) (ЖАО-лардың бөлімшелері: әкім аппараты және облыстық басқармалар)

 

2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

1 – міндет. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Басқармада істер номенклатурасы бекітілген; Бұйрықтарды тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген;
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша: негізгі құрам бойынша – 194; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер) – 115; жеке құрам бойынша (техникалық қызметкерлер) – 107 бұйрық қабылданса, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін: негізгі құрам – 92; жеке құрам бойынша (мемлекеттік қызметшілер)59; жеке құрам бойынша (техникалық қызметкерлер)40 бұйрық қабылданып, қолданыстағы заң талаптары сақталған.
  • Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында дискрециялық өкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

Талдау барысында ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

2 – міндет. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Басқарма 6 бөлімнен, 1 бағынысты мекемеден («Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК) тұрады. Штат саны – 25. Еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер саны – Талдау барысында, басқарманың мемлекеттік қызметшілердің, келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, бағынысты мекеменің басшысының жеке іс құжаттары толығымен тексеріліп, нәтижесінде кемшіліктер анықталмады;
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша – 8 тәртіптік жаза (мемлекеттік қызметші – 7, техникалық қызметкер  – 1 (бағынысты мекеме басшысы) қолданылса, 2022 жылдың 1 шілдеге дейін 4 тәртіптік жаза (мемлекеттік қызметші – 4, техникалық қызметкер – 0)  тәртіптік жаза қолдынылған. Тәртіптік жазаларды қолдану барысында заң бұзушылықтарға жол берілмеді;
  • 2021 жылы 3 мемлекеттік қызметшіге (2022 жылы 2 мемлекеттік қызметшіге) қатысты қолданылған тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау мәселелері басқармада құрылған тәртіптік комиссия отырыстарында қаралып, тиісті хаттамалары ресімделген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары сақталғанымен, 2021 жылы тәртіптік жазаларды қолданған күннен бастап, 1 ай уақыттан аз мерзімінде тәртіптік жазаларды алып тастау фактілері (мысалы, 30.11.2021 жылғы № 105-ж/қ бұйрығымен сауда және баға мониторингі бөлімінің бас маманы Ж.Ханиевтен 1 ай 17 күннен кейін қолданылған «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған (тәртіптік жазасы 13.10.2021 жылы қолданылған), 30.11.2021 жылғы № 106-ж/қ бұйрығымен инвестиция тарту, қайта өңдеу, экспорт және егіншілік бөлімінің бас маманы Т.Машириптен 1 ай 12 күннен кейін қолданылған «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған (тәртіптік жазасы 18.10.2021 жылы қолданылған), 30.11.2021 жылғы № 107-ж/қ бұйрығымен Инвестиция тарту және қайта өңдеу бөлімінің басшысы И.Махатаевадан 14 күннен кейін қолданылған «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алып тасталынған (тәртіптік жазасы 16.11.2021 жылы қолданылған), 2022 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша тәртіптік жазаларды қолданған күннен бастап, 28 күннен кейін, 1 ай уақыттан аз мерзімінде тәртіптік жазаларды алып тастау фактілері (мысалы, 27.04.2022 жылғы № 32-ж/қ бұйрығымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің  бас маманы Ж.Ханиевтен 28 күннен кейін қолданылған «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған (тәртіптік жазасы 29.03.2022 жылы қолданылған), 22.06.2022 жылғы № 8-ж/қ бұйрығымен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас маманы С.Махановтан 2 ай 4 күннен кейін қолданылған «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы алып тасталынған (тәртіптік жазасы 18.04.2022 жылы қолданылған) орын алған. Бұл өз кезегінде басшылық тарапынан тәуекелге әкеп соғуы мүмкін.

Ұсыным: тәртіптік жазаларды 1 айдан кем мерзімде мерзімнен бұрып алып тастау тәжірибесін тоқтатып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақталуына бақылау күшейтілсін.

 

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесінің негізінде Басқарма басшысының «Сыйақы беру туралы» бұйрықтарымен орынбасарлары және бөлім басшыларының ұсыныстары негізінде:

2021 жылы: «8 - наурыз Халықаралық әйелдер» мерекесі күніне  (03.03.2021 жылы № 53-н/қ), «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» орай (30.04.2021 жылы № 94-н/қ) үнемделген қаржы есебінен келісім шарт негізіндегі қызметкерлерге, ауыл шаруашылығы кәсібі мерекесіне (15.11.2021 жылы №171-н/қ), «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне орай (10.12.2021 жылы №183-н/қ) барлық Басқарма қызметкерлеріне (тәртіптік жазалары жоқ);

2022 жылы: «8 - наурыз Халықаралық әйелдер» мерекесі күніне  (03.03.2022 жылы №37-н/қ)  басқарманың барлық қыз-келіншектеріне (тәртіптік жазалары жоқ) және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» (29.04.2022 жылы №76-н/қ)  барлық қызметшілерге үнемделген қаржы есебінен сыйақылар беріліп, сыйақы беру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алмаған (үйлестірілген көлемінде және ресімдеу процесінде);

  • 2021 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстарын өткізу процесінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдері анықталмады;
  • келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер «Халықты жұмыспен қамту орталығының» жолдамасы арқылы қабылданған, тәуекелдер анықталмады;
  • бағынысты мекеме басшысы тағайындау процесі конкурс аясында жүзеге асырылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетуге септігін тигізетінін атап өткен жөн.
  • талдау барысында, басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және бағынысты мекеме басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларациялары тапсырылған және заңмен белгіленген тиісті шектеулері қабылданған;
  • Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.

 

Ұсыным: басқармада қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

 

3 – міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.

 

4 – міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны (2022 жылдың 1-шілдесі жағдайы бойынша)24.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 170/НҚ бұйрығына сәйкес, 3 мемлекеттік қызмет түрі (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау, Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу, Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру) мемлекеттік көрсетілетін тізілімінен алып тасталынып, 1 мемлекеттік қызмет түрі (Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау) қосылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы:

  • Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;
  • Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау;
  • Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
  • Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау;
  • Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
  • Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
  • Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
  • Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
  • Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
  • Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
  • Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
  • Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау;
  • Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
  • Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
  • Ветеринариялық анықтамалар беру;
  • Ветеринариялық паспорт беру;
  • Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру;
  • Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  • Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау;
  • Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;
  • Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау.

 

2022 жылдың 1-шілдесіне дейін – 23 868 қызмет көрсетілді.

 

Талдау барысында жұмыс тобымен Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі тарапынан жүргілілген бақылау іс-шарасының 12.04.2022 жылғы аяқтау актісін ақпарат көзі ретінде қолданды.

2022 жылғы бақылау іс-шарасы нәтижесінде:

  • «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша мемлекеттік қызметті мерзімінен кешіктіріліп көрсетілген 10 фактісі анықталған;
  • осы бағытта Басқармада және Басқармаға қарасты мекемеде электронды қызметтердің үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» іске қосылғандығы, алайда Бағынысты мекеме тарапынан электронды түрде (Ветеринариялық анықтамалар беру, Ветеринариялық паспорттар беру) құжат қабылдау мүлдем жүргізілмегендігі анықталған;
  • «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша, ішкі бақылау жүргізу барысында келесі бұзушылықтар анықталды: 12 өтінім бойынша – мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілер; 14 өтінім бойынша – мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілер, атап айтқанда, қағидалар талаптарына келіп түскен өтініштерді 1 (бір) жұмыс күн ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғаны расталмағандығы; 7 өтінім бойынша – мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілер анықталған;
  • «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мерзімдердің бұзылу 5 фактісі анықталған;

Жіберілген кемшілік бойынша басқарма басшысының 18.04.2022 жылғы №30-жқ бұйрығымен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас маманы С.Махановқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.

Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтардың ішіндегі «мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу» және «құжаттардың электронды түрде қабылдамау» фактілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы ықтимал.

 

Ұсынымдар:

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының және мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды және ведомтстволық бақылауды күшейту қамтамасыз етілсін;
  • Басқармада және басқармаға қарасты мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде қабылдау үлесін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдансын.

 

Сонымен қатар, жұмыс тобымен Субсидиялаудың ақпараттық жүйелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, «бір терезе» қағидасы, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың базаларымен интеграциялау, деректерді өзгертудің техникалық мүмкіндіктері) бойынша ішінара талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде:

  • «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің Qoldau.kz ақпараттық жүйесінің электрондық шот- фактураларды растау үшін мемлекеттік кірістер органдарының тиісті ақпараттық жүйесімен интегранцияланбауы;
  • «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің subsidy.plem.кz ақпараттық жүйесінің электрондық шот- фактураларды растау және жер телімінің иесі туралы мәліметті тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интерграцияланбағандығы анықталды. Бұл өз кезегінде, көрсетілетін қызмет алушы тарапынан жалған құжаттарды тапсыру арқылы құқық бұзушылыққа әкеп соғуы ықтималдығы жоғары болады және сәйкесінше көрсетілетін қызмет беруші тарапынан тәуекел туғызуы мүмкін.

 

Ұсыным: Qoldau.kz және subsidy.plem.кz АЖ-дегі электрондық шот- фактураларды растау және жер телімінің иесі туралы мәліметті тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интерграциялауды қамтамасыз ету бойынша ҚР АШМ-ге ұсыныс хат жолдансын.

 

5 – міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қазақстан Республкасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»                  2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Басқарма тарапынан 4 (төрт) рұқсат беруші функциясы мемлекетік көрсетілетін қызмет түрінде жүзеге асырылады, атап айтқанда:

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңына сәйкес, басқарманың құзыретінде төмендегідей :

  • Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру;
  • Ветеринариялық анықтамалар беру;
  • Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  • Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.

Талдау барысында «Ветеринариялық анықтамалар беру» рұқсат етуші функциясы қағаз жүзінде кеңсе арқылы жүзеге асырылуына байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін. Қалған рұқсат етуші функциялары E-license.kz порталы арқылы толығымен электрондық форматта жүзеге асырылатындықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізетінін атап өткен жөн.

Ұсыным: «Ветеринариялық анықтамалар беру» рұқсат етуші функциясын электронды түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдансын.

 

6 - міндет. Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы №1268 қаулысымен бекітілген «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес, басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма тарапынан аталған бақылау функциясы орнына шығу арқылы тексеру түрінде жүзеге асырылуына байланысты, тексеру субъектісімен тікелей байланыс орын алады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық факторларына алып келуі мүмкін.

Бұл ретте, Шымкент қаласы әкімнің 26.04.2022 жылғы №41-Ө өкімі негізінде, аталған функция орындау үшін өкілеттік қаладағы аудан әкімдеріне берілген. Бұл өз кезегінде, басқармада аталған функцияны жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық факторларын төмендетуге септігін тигізеді.

 

7 – міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

І. Талдау барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алмағанымен, құқық бұзушылыққа жол берілген.

Атап айтқанда, 2021 жыл қорытындысы бойынша 54 өтініш қаралып, оның ішінде 8 өтініш құзырлы органға жіберілген, мерзімі бұзылып 1 хатқа жауап жіберілгені анықталған. Бұл құқық бұзушылыққа жол берген инвестиция тарту және қайта өндеу бөлімінің басшысы И.Махатаеваға «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

2022 жылдың жарты жылдығында 123 өтініш қаралып, оның ішінде                            71 өтініш құзырлы органға жіберілген, мерзімі бұзылып жолданған жауап хаттар анықталмады.

Ұсыным: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынамыз.

 

ІІ. Талдау барысында Рәсімдердің мөлдірсіздігін және ақпаратқа қолжетімділігі жоқтығын анықтау бойынша фактілер анықталмады.

Басқармаға қатысты ақпараттар, жаңалықтар басқарманың facebook және Instagram парақшаларында толығымен орналастырылуда.

Сонымен қатар, басқарманың қолданатын қызметтеріне сәйкес, яғни мал шаруашылығы, инвестиция, ветеринария, мемлекеттік қолдау, егін шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, субсидиялау мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер, қызметке ақпарат қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қадамдық нысанда қызметтерді алу əдістері мен ережелері туралы ақпараттар https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk?lang=kk  сайтында орналыстырылған. Яғни, басқармаға қатысты ақпараттың барлығы халыққа қолжетімді.

 

Ұсыным: Басқарманың Instagram және (немесе) Facebook әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәсілдері, субсидиялау саласындағы заңнамалық түсіндіру және  басқа да тақырыптарда тұрақты (ай сайын кемінде бір рет) тікелей эфирге шығу арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

 

8 – міндет. Қаржы шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

І. Шымкент қаласы бойынша «Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес жүргізілген «2021 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы аясында, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасында шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде аудит объектісі тарапынан Бухгалтерлік есеп туралы Заңының 5-бабының 2-тармағын, Бюджет Кодексінің 155-бабының 2-тармағын, Қаржы министінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №640 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының»  3-тарауының 17-тармағын бұза отырып (бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкес келмеу, бастапқы бухгалтерлік құжаттармен расталмау) шоғырландырылған қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептің деректері аясында 883 613,3 мың теңгеге ауытқуға, бұрмалаулар мен сәйкессіздіктерге жол берілгені анықталған.

Аталған бұзушылық бойынша, Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы Ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ш.Шоланбаева ҚР ӘҚБтК 238-бабының  1-тармақшасының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

ІІ. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша «Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 28.02.2022 жылғы 21/571 нұсқамасы негізінде, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылдарға арналған тізбесіне сәйкес, «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша «Шымкент қаласында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бюджеттен бөлінген қаржылардың жоспарлануы мен тиімді жұмсалуына сараптамалық-аналитикалық іс-шарасын және мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілген.

Тексеру нәтижесімен, 1 007 052,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау анықталған, яғни 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/334-6с «2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағытына 1 307 052,0 мың теңге қаралған.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ-н 19.12.2018ж. Басқарманың жеке қаржыландыру жоспарына отырғызылған.

2019 жылғы 27 маусымдағы №51/420-6с «2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзргерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес, 1 007 052,0 мың теңге қысқартылып 300 000,0 мың теңге болып бекітілген. Яғни, жыл басынан бөлінген 1 307 052,0 мың теңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағытында жұмсалмай, жарты жыл уақыт қимылсыз тұрған.

Өз кезегінде, бұл 1 007 052,0 мың теңге қаржының не себепті қысқартылғаны туралы негіздемесі көрсетілмеген. Қалған 300 000,0 мың теңге қаржы тек 2019 жылдың қазан айында Қоғам есебіне аударылған.

Сәйкесінше, жыл басынан отырғызылған қаржы объективті себептерсіз пайдаланылмай, бюджетті игеру барысында нәтижелілік және тиімділік қағидаттары сақталмай, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 4-бабы, 12) тармақшасының («тиімділік» принципі) талаптары бұзылғаны анықталған.

Аталған бұзушылық бойынша басқарма басшысының 29.03.2022 жылғы №21-жқ бұйрығымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ж.Ханиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылған.

 

Ұсынымдар:

  • қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • алдағы уақытта мағыналас бұзушылықтарды болдырмау және оны жүйеліндірмеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің аталған салада біліктілігін арттыру мәселесін қарастыруды ұсынамыз.

 

10 – міндет. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Талдау барысында жасырын мемлекеттік қызмет түрлері анықталмады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша

ішкі талдау нәтижелері

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:

  • қолданыстағы құқықтық актілердегі тәуекелдердің 1 фактісі анықталды;
  • ішкі құжаттардағы тәуекелдердің тәуекелдер анықталмады;
  • персоналды басқарумен байланысты 2 ескерту берілді;
  • мүдделер қақтығысымен байланысты тәуекелдер анықталмады;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты тәуекелдердің 2 фактісі анықталды;
  • Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты 1 фактісі анықталды;
  • Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдерді төмендету бойынша тиісті шаралар қабылданған;
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты тәуекелдер анықталмады;
  • аудиторлық қорытындыларына сәйкес, қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты заңдылықты бұзушылықтың 2 фактісі анықталған;
  • жасырын қызмет түрі анықталмады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

 

  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының талаптарын күшейту бойынша бастамашылық негізде ұсыныс жолдансын;
  • тәртіптік жазаларды 1 айдан кем мерзімде мерзімнен бұрып алып тастау тәжірибесін тоқтатып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақталуына бақылау күшейтілсін;
  • басқармада қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының және мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды және ведомтстволық бақылауды күшейту қамтамасыз етілсін;
  • Басқармада және басқармаға қарасты мекемелерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде қабылдау үлесін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдансын;
  • kz және subsidy.plem.кz АЖ-дегі электрондық шот- фактураларды растау және жер телімінің иесі туралы мәліметті тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интерграциялауды қамтамасыз ету бойынша ҚР АШМ-ге ұсыныс хат жолдансын;
  • «Ветеринариялық анықтамалар беру» рұқсат етуші функциясын электронды түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдансын;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейтілсін;
  • Басқарманың Instagram және (немесе) Facebook әлеуметтік желілері арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәсілдері, субсидиялау саласындағы заңнамалық түсіндіру және басқа да тақырыптарда тұрақты (ай сайын кемінде бір рет) тікелей эфирге шығу арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
  • қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • алдағы уақытта мағыналас бұзушылықтарды болдырмау және оны жүйеліндірмеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің аталған салада біліктілігін арттыру мәселесін қарастырылсын;
  • заңда белгіленген тәртіпте осы талдамалық анықтаманы басқарманың ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етілсін;
  • ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.