6 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 17 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

6 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 17 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

2022 жылдың I-жарты жылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі     16,9 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде:

Өсімдік  шаруашылығы 2,7 млрд. тг НКИ-113,4%

Мал шаруашылығы 14,2 млрд. тг НКИ-81,4%

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі  93,2 млн. АҚШ долларын құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты               (2021 жылғы қаңтар-мамыр  - 69,9 млн. АҚШ доллары).

Салада 6,6 мың адам жұмыс жасап, 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 4 млн. 169 мың. тг. құрап, өсімі 107,5% жетті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады.

Биылғы жылы 30,0 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егілді. Оның ішінде дәнді дақыл- 13,0 мың га, майлы дақыл-3,6 мың га, мал азықтық- 9,6 мың га, көкөніс пен бақша- 3,4 мың га, картоп – 0,4 мың га, жүгері -0,1 мың га. Нәтижесінде, 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда, 33,5 мың тонна өнім жиналды.