Алтынтөбе тұрғын алабында қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді

Алтынтөбе тұрғын алабында қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы «Керемет - сапа» ЖШС-нің интенсивті алма бағы және картоп егістігі шаруашылығын аралап көрді.

Жеке шаруашылық 14 га жерге бау және 10 га жерге картоп егеді. Өткен жылы 30 тонна алма және 400 тонна картоп жинап, қаладағы сауда нүктелеріне таратқан.

Қалада тұтыну стандарттарына сәйкес, картоп өнімдеріне қажеттілік –102,5 мың тонна. Өндірілетіні – 4,9 мың тонна немесе қажеттілік 4,8 % ғана қамтамасыз етілуде.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер картоп егістігі көлемін арттыруды, картоп өніміне деген қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлауда.