КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы аумағында кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Маусымдық кезеңге орай бұл жұмыстар 10 мамырға дейін жалғасады.

Дератизация жұмыстары көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс тастайтын жәшіктеріне, қаладағы өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Атап айтқанда, биыл көктемгі кезеңдегі жоспарға сәйкес, залалсыздандыру жұмыстарын 16 844 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктер мен 1 081 840 шаршы метр өзен-каналдар аумағына жүргізу жоспарланған.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында кеміргіштерге қарсы дератизацияға «Дезинфекция» медициналық мекемесінің 5 топтан құралған 20 маманы жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда бұл жұмыстар Еңбекші және Әл-Фараби аудандарында басталып, 6634 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктер залалсыздандырылды. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес, Қаратау және Абай аудандарында жалғасып, сонымен қатар қаладағы өзен-каналдар аумағына да жүргізілетін болады.

ҚҰРМЕТТІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді балаларыңыздың ұстамауына және үй жануарларыңыздың жеп қоюына абай болуларыңызды сұраймыз.