Хабарландыру!

Хабарландыру!

 

«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, 2026 жылғы күзгі дала жұмыстарына қажетті дизель отынын Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеткізу жұмыстарын ұсынады.

Бөлінген дизель отыны көлемі – 179 тонна.

Басқарманың орналасқан жері: Шымкент қаласы, Ж. Тыныбаев көшесі,                   49 ғимарат. Тел.: 8/7252/530493, эл. почта: agro.usx@mail.ru

Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 16 шілдесінен 20 шілде аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 20 шілде сағат 18-30.

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;

цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;

«Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы                                     26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.

2026 жылғы күзгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторларды айқындау комиссиясының өткізілетін орны: ағымдағы жылдың 21 шілде, жергілікті уақытпен сағат 16.00-де, Шымкент қаласы,                                 Әл-Фараби ауданы,  Ж.Тыныбаев көшесі, 49 ғимарат 1 этаж (комиссия отырыс өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады).