
Шымкент қаласында кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен Құрылыс басқармасының атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Басқарма басшылары тарапынан салада жүзеге асырылып жатқан жобалар, инфрақұрылымды дамыту, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құрылыс нысандарының сапасы мен қала аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы жөнінде баяндалды.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, жауапты сала басшыларына бірқатар сауалдар жолданды. Әсіресе, тұрғын алаптарындағы инфрақұрылым сапасы, заңсыз құрылыс, ветеринариялық бақылау және қала аумағындағы санитарлық жағдай мәселелері кеңінен талқыланды.
Кеңес мүшелері тарапынан саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар айтылды.