Хабарландыру!!! Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі 2026 жылдың 27-29 мамыры аралығында өткізіледі.

Хабарландыру!!! Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі 2026 жылдың 27-29 мамыры аралығында өткізіледі.

Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі 2026 жылдың 27-29 мамыры аралығында өткізіледі.
Қала аумағында тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Заңсыз ауыл шаруашылығы жануарларын (құжаты жоқ, тіркелмеген, тексерілмеген) автокөліктерде және жеке үй ауласында сатуға, оларды союды ұйымдастыруға жол берілмейді. Мұқтаж адамдарға сойылған ет өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптары (тоңазытқыш жабдықтар мен жеке қорғаныш құралдарының болуы) қатаң сақталуы тиіс.
Осы заң талаптарының сақталуы халық арасында аса қауiптi жұқпалы iндеттердiң таралуын болдырмауға және мал ұрлығының алдын алуға мүмкiндiк бередi. Ветеринариялық қауiпсiздiк – халықтың саулығын сақтаудағы маңызды қадам.
«Құрбан айт» мерекесі қарсаңында «Kz Meat Farm» ШҚ және «Қазығұрт БРБ» АӨК 2 мал сою орындары тұрақты түрде, ал «Байтерек Агро» ЖШС өзінің жұмыс кестесіне қарай жұмыс жасайтын болады.
Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарынан, құрбандық шалу кезінде сақтық шараларын және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтай отырып, сәйкестендірілген арнайы мал сою орындарында ветеринариялық құжаты бар ауыл шаруашылығы жануарларын союға өткізуді сұраймыз!

Шымкент қаласы бойынша арнайы мал соятын орындардың тізімі

1. «Kz Meat Farm» ШҚ
Басшысы: С. Гултараев
Телефон нөмірі: 8701 392 83 09
Мекен-жайы: Қаратау ауданы, Бозарық 3 т/а, №1989 учаске
Жұмыс режимі: Тұрақты
2. «Қазығұрт БРБ» АӨК
Басшысы: М. Алдабергенов
Телефон нөмірі: 8 701 819 25 40
Мекен-жайы: Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі №12/1 үй
Жұмыс режимі: Тұрақты
3. «Бәйтерек Агро» ЖШС
Басшысы: Ф. Бегметов
Телефон нөмірі: 8778 122 31 11
Мекен-жайы: Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Махмут ата көшесі №72 учаске
Жұмыс режимі: График бойынша