Халықаралық әуежайы маңында тұратын тұрғындарға кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Халықаралық әуежайы маңында тұратын тұрғындарға кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында жануарларды ұстау қағидаларын түсіндіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, халықаралық әуежайы маңында орналасқан жеке тұрғын үй иелеріне кезекті түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара жиынына қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, «Ветеринариялық қызмет» МКК, Абай ауданы әкімдігі, Абай аудандық полиция басқармасы, жер қатынастар басқармасы мен Шымкент халықаралық әуежайы өкілдері қатысты.
Іс-шараға жиналған тұрғындарға «Үй жануарлары (ит-мысықтар) мен ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау» талаптарының сақталуына байланысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында иттерді міндетті түрде тіркеу және чиптеу, серуендету талаптары мен ауыл шаруашылығы жануарларында міндетті тіркеу, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау міндеттері мен егін алқаптарын мал мен құстан қорғау талаптары түсіндірілді.
Аталған талаптарды орындамау заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.
Қала қауіпсіздігін сақтау - әрбір тұрғынның міндеті!

Қосымша ақпараттар алу үшін хабарласа аласыз:
Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК: 8(7252) 77-89-39, 77-89-29;
Мекен жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Тыныбаев 49 үй
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 8(7252) 53-04-90