Шымкентте аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесі талқыланды

Шымкентте аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесі талқыланды

Шымкентте аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесі талқыланды

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық жиын өтті.

Күн тәртібінде қаладағы эпидемиологиялық ахуал, аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез бойынша жағдай, сондай-ақ ветеринариялық және дезинфекциялық іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.

Жиында:

🔹 Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ережепов Бақтығали Аюбайұлы инфекциялық төсек-орын қорының дайындығы мен профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.

🔹 Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серманизов Талғат Құттыбайұлы қаладағы аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

🔹 Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Мекамбаев Талғат Тойлыбайұлы эпизоотиялық ахуал және жануарларды вакцинациялау шаралары туралы ақпарат берді.

🔹 Ұлттық сараптама орталығы филиалының Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы директорының міндетін атқарушы Сапарова Сауле Муслімқызы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.

Жиын қорытындысы бойынша:

✔ Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
✔ Күдікті науқастар мен байланыста болған адамдарды толық медициналық бақылаумен қамту;
✔ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы профилактикалық және емдік шараларды толық қамтамасыз ету;
✔ Инфекция ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу;
✔ Ветеринариялық және дезинфекциялық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.