Субсидияның орнына жеңілдетілген несие: шаруаларға жаңа қолдау тетігі енгізілді

Субсидияның орнына жеңілдетілген несие: шаруаларға жаңа қолдау тетігі енгізілді

Субсидияның орнына жеңілдетілген несие: шаруаларға жаңа қолдау тетігі енгізілді

2026 жылдан бастап Қазақстанда мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесі өзгереді. Енді субсидиялардан кезең-кезеңімен бас тартылып, оның орнына 5% жеңілдетілген несие мен лизинг тетігі енгізілуде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, фермерлер көктемгі егіс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға, сондай-ақ мал бордақылау және мал сатып алу үшін төмен пайызбен несие ала алады.

Жаңа жүйе шаруаларға субсидия күтпей-ақ тікелей қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар инвестициялық жобалар бойынша несие пайыздарының бір бөлігін мемлекет субсидиялайды.

Бағдарлама асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, өнім өндірісінің шығындарын азайтуға және ауыл кәсіпкерлерінің қаржыға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

2026 жылы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға шамамен 119,3 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр.