ШЫМКЕНТТЕ «ALSERA KZ» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚЫЗАНАҚ ӨНІМІ ЖИНАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ALSERA KZ» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚЫЗАНАҚ ӨНІМІ ЖИНАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ALSERA KZ» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚЫЗАНАҚ ӨНІМІ ЖИНАЛДЫ

🔹Шымкентте «Alsera KZ» жылыжай кешенінің ашылуы аясында алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гюржан және басқарма төрағасы Иззет Гарих бастаған «Alarko Holding» өкілдері қатысты.

🔹ҚР Ауыл шаруашылығы министрі сөйлеген сөзінде бұл жобаның жүзеге асуы ірі инвестиция тарту және мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нәтижесі екенін атап өтті. Айтуынша, жоба – инвесторлардың Қазақстан экономикасына жоғары сенімінің және оның тұрақты дамуына деген сенімділіктің нақты дәлелі.

🔹«Мұндай ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, технология енгізуге және аграрлық сектордағы тауар айналымын арттыруға зор мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыс азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сенеміз. Мемлекет жобаның барлық кезеңінде инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайын», — деді министр.

🔹Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы инвесторларға заманауи жылыжай кешенін салғаны үшін алғыс білдіріп, Мемлекет басшысының инвестиция тарту және өсімдік шаруашылығына су үнемдейтін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда жобаның стратегиялық маңызын атап өтті.