ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге (сырғалау, таңба басу) міндетті.

Ол үшін Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-на бірдейлендіру туралы жазбаша өтініш қалдыру тиіс. Осыған сәйкес, аталған кәсіпорынның ветеринариялық дәрігерлері жануарларға құлақ жапсырмасын тағады, «Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру» дерекқорына тіркейді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау)  жұмыстары мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.

 

Құрметті жануар иелері!

Қолданыстағы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, сіздер жануарлардың ветеринариялық дәрігеріне міндетті түрде хабарлауға тиіссіздер:

жаңадан сатып алынған жануарлар туралы;

туған төл (жаңа туған жануарлар) туралы;

сондай-ақ жануарлардың сойылғаны немесе орын ауыстырылғаны (сату, беру, тасымалдау және т.б.) туралы.

Ветеринариялық қызметке уақтылы хабарлау — эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жануарлар арасында аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Қаперлеріңізде болсын, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406 бабына сәйкес жеке қожалықтарыңыздағы ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендірілмеген жағдайда мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Қосымша ақпараттар алу үшін хабарласа аласыз:

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК  8(7252) 77 89 29,  8-775-384-94-02

Мекен жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Тыныбаев 45 үй

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 8(7252)24-75-37.