ҚР АШМ Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты

ҚР АШМ Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау.

Қаржыландыру шарттары:
Қарыз мерзімі – 12 айға дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.
Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады.

Жобаларға қойылатын талаптардың бірі бордақылау алаңдарының қуаттылығы ІҚМ үшін 500 бас, ҰМ үшін 1000 бас, бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу.

Кеңес алу және қаржыландыруға өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе 5353 call-орталығы нөмірі арқылы алуға болады.