
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкім аппаратының қызметкерлері және Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, «Шомылу маусымы аясында» тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында, «Қошқар-ата» және «Қарасу» өзені, «Текесу су» қоймасы, «Бадам» өзені «Жана шек» каналы «Көл» аумағында үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары барысында, шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылған тұрғындарға ауызша ескерту жасалып, Әл-Фараби аудан әкімі аппараты тарапынан 10-ескерту тақтайшасы орнатылды.