Әл-Фараби ауданында өрт қауіпті кезеңде құрылған мобильдік топ құрамымен Текесу елді мекенінде орналасқан Қазығұрт шаруа қожалығына қарасты егістік алқаптарында жүргізілген минералды жолақтарға қарау жұмыстары жүргізілді.
Қожалық аумағына 220 шақырым минералды жолақ жырту (опашка) жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қожалық қызметкерлері мен жұмысшыларына арнайы дайындалған жадынама парақтары таратылып, өрт сөндіру техникалары арқылы қауіпсіздік ережелері ескертілді.
Биылғы қауіпті кезеңге ықтимал табиғи өртті жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында шаруа қожалық аумағында жалпы ұзындығы 530 шақырым болатын минералды жолақтарды жырту жұмыстары жоспарланып мамыр айының соңына дейін толық салынып бітіру жоспарлануда.