Бүгін @mynbaev_rashid Мамытұлы төрт жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі лауазымынан өз еркімен ресми түрде босады.
Рашид Мамытұлының бастамасымен Шымкент қаласының дәл орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданында инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру және көріктендіру бағытында 199 балалар алаңшасы және 41 спорт алаңшасы, саябақтар мен гүлзарлар салынды.
«Әл-Фараби ауданының әкімі ретінде қызмет ету — мен үшін үлкен жауапкершілік пен зор сенімнің көрінісі болды. Маған ерекше сенім артқан Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековке және баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін! Алдағы уақытта да еліміздің игілігі жолында еңбек етуді жалғастыра беремін. Әрқайсыңызға амандық, сәттілік және жаңа табыстар тілеймін!»,-деді Рашид Мамытұлы әлеуметтік желіге салған жарияланымында.