«1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

«1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының «Орталық саябағында» Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы тұрғындар мен қонақтарды атаулы мерекемен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосып, белсенділік танытқан азаматтарға "Алғыс хаттар" табыстады.

Кеш қонақтарын ұлттық киімдер мен қолөнер көрмесі, концерттік бағдарлама және этномәдени бірлестіктердің құттықтаулары қуантты.

Мереке халықтар достығын дәріптеген жылы жүздесуге ұласты.