Бүгін, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті сенбілік өтті.
Іс-шара барысында көпқабатты үй аулаларын, ирригациялық жүйелерді тазалау, ағаштарды санитарлық қырқу, әктеу, сырлау, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 15 арнайы техника, 210-ға жуық адам жұмылдырылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз!