Бүгін аудан әкімі аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралап шықты. Осы ретте мердігер мекемелерге жұмыстың сапасына ерекше мән беріп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына қадағалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді міндеттеді.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 33 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында балалар ойын және ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл – тұрғындардың ұсыныс-пікіріне негізделіп жүзеге асып жатқан игі бастама.