ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Шараның басты мақсаты – екі дөңгелекті көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау.

Жол жүрісі әрқашан қырағылық пен абай болуды талап етеді. Өткен жылмен салыстырғанда, аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға, ал жарақат алғандардың үлесі 61%-ға артқан. Бұл жағдайлардың көбісі қайғылы салдарға әкеліп соғуда.

Сондықтан да, жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтау аса маңызды. Көлік жүргізушілері өздерінің өмірлеріне ғана емес, көлік ішіндегі адамдардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін әрдайым есте ұстауы қажет.