ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ

Шырайлы Шымкент көктемнің сәніне бөленді! Әл-Фараби ауданында түрлі түсті қызғалдақтар жайқалып, қалаға ерекше көрік беруде. Табиғаттың осындай сұлулығы Шымқаланың нағыз гүлдер мекені екенін тағы бір дәлелдеді.

Көктемнің басты символына айналған қызғалдақтар көздің жауын алып, тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Бұл – экологиялық мәдениеттің дамып, қала көркіне айрықша мән берілетінінің белгісі.

Сіз де осы әсем көріністің куәсі болғыңыз келсе, қаланың гүлге оранған көшелерінде серуендеп, ерекше атмосфераны сезінуге асығыңыз!