
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесе, кәмелетке толмаған азаматтардың арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу, құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз халық көп шоғырланған ойын-сауық орталықтарында жүруін анықтау бойынша рейдтік іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан ойын-сауық орындарында кәмелетке толмаған 16 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Сонымен қатар, қадағалаусыз және панасыз ата анасының еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 4 жасөспірімдер «Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды.