ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

Ұлттық киімдер – қазақ халқының тарихының, тұрмыс-салтын және дүниетанымын бейнелейді. Сонымен қатар, дәстүрімізді жаңғыртуда, ұлттық құндылықтарымызды қоғам арасында кеңінен насихаттауда үлкен рөл атқаруда.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұжымы бұл бастаманы көтеру, ұлттық киімдерді танымал ету, қазақ халқының мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа ұғындыру жолында қазақ елінің ұлттық киімдерін киіп, оны ұлықтау арқылы, өз үлестерін қоса білді.

Ұлттық киімдерімізді қадірлеу мен оған деген құрметіміздің арқасында біз өз мәдениетімізді және болашағымызды сақтап қалу үшін бар күшімізді жұмсайтын боламыз.