Қазақстан Республикасының Президентімен 2024 жылғы 27 желтоқсанда есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойылды.
Осыған байланысты 2025 жылғы 3 наурызда күшіне енетін оның құқықтық салдарын түсіндіреміз.
Біріншіден, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде «есірткі жасырушылар» үшін қылмыстық жауапкершілік бөлінген. Егер олар үшін Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар ҚК-тің сол 297-бабы бойынша, бірақ төмендетілген санкциялармен тартылатын болады:
- 1-бөлігі бойынша енді 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін болған;
- 2-бөлігі бойынша енді 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған;
- 3-бөлігі бойынша енді 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған.
Екіншіден, заңмен біржола ҚК 297-1 жеке бабы енгізілуде, онымен есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі өндірушілер, сондай-ақ лауазымды тұлғалар үшін жаза қатаңдайды.
Оларға 15 жылдан 20 жылға дейін немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Үшіншіден, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткіні өндіру, әзірлеу, қайта өңдеу кезінде қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік бірінші рет енгізілуде.
Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасы үшін көзделген.
Аталған өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауапкершіліктің бұдан да әділетті жүйесін құруға, сондай-ақ қоғамды есірткінің заңсыз айналымы салдарынан қорғау бойынша шараларды күшейтуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз.