Аудан аумағында карантин режимін сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды

Аудан аумағында карантин режимін сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.К.Тулебаевтың №25,26 қаулыларының орындалуы бойынша, құзырлы мекемелердің тарапынан құрылған мониторинг топтың құрамымен аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Құзырлы мекемелердің қатысуымен жүргізілген мониторинг жұмыстарының барысында санитарлық-эпидемиялық талаптарды және шектеу шараларын сақтамаған кәсіпкерлік нысандарына бірнеше хаттама толтырылды.

Атап айтқанда, Қазыбек Би көшесі бойында орналасқан «Азия» кафесі және Ж.Ташенов көшесінің бойында орналасқан «ROZY_SHYM» дүкен егелеріне хаттама толтырылып, алдағы уақытта талаптар мен ережелерді қайта орындамаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатындығы ескертілді.