Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Айта кетсек: балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық жергілікті полиция және Әл-Фараби аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесе арнайы іс-шара жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға сақтық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, аудан тұрғындарының назарына, суға шомылар алдында қауіпсіздік шараларын сақтап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, суға түсуге тыйым салған жерлерге шомылмауларыңызды сұранамыз.