”КИЕЛІ МЕКЕН” АПТАЛЫҒЫ «ЦИТАДЕЛЬ» АУМАҒЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

”КИЕЛІ МЕКЕН” АПТАЛЫҒЫ «ЦИТАДЕЛЬ» АУМАҒЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін, аталған тазалық акциясына сәйкес,  Әл-Фараби ауданында орналасқан  «Цитадель» аумағында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Киелі аумақтың тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді атсалысып қатысты. Жалпы, орындықтарды әрлеу,  шөптерді ору,  ағаштарды қырқу және әктеу, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника,  130-дан астам адам жұмылдырылды.

 

Құрметті қала тұрғындары!

Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз.