Асфальт төсеу жұмыстары

Асфальт төсеу жұмыстары

Әл-Фараби ауданының аумағында жалпы ұзындығы 260 км болатын 390 көшелер, даңғылдар мен өтпелер бар. Олардың 231 км (88,9%) асфальтталған, 25 км (9,6%) шағал тас төселген, ал қалған 4 км (1,5%) жолға ағымдағы жылы шағал тас төсеу жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2023 жылы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұсынысы бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы биыл 22 көшеге асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда: Қазата, Дарья, Жарық 195 орам Сәуле ш.а., № 1-5 атауы жоқ көшелер 275 орам Береке ш.а., Ақдала, Қапшағай көшелері және Зерде №1, 2, Жаңабазар № 2, 3 тұйықтары Сәуле ш.а., Амангелді Иманов, Ирек, Қисық, Қоқан көшелері және Детский, Бостандық № 1-4 тұйықтары Ескі қала ш.а., Қошқар ата көшесі, сондай-ақ, Айбергенов пен Красин өткелдері.
Оның ішінде, қазіргі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Қоқан көшесі мен Детский, Бостандық № 1-4 тұйықтарына асфальттау жұмыстары жүргізілуде.