Жеке үй секторларын аралау жұмыстары жүргізілді

Жеке үй секторларын аралау жұмыстары жүргізілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан және Айқап шағын аудандарындағы жеке үй секторларын аралау жұмыстары жүргізілді. Аталған аумақтың тұрғындары көшедегі арықтан шығатын лас судың жағымсыз иісіне арызданған болатын.

Рейд барысында 12 көше араланып, кәріздің лас суларын орталықтандырылған ирригациялық жүйеге заңсыз ағызатын 51 үй анықталды. Үй иелеріне акт түзіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда заң талаптарына сәйкес шара көрілетіндігі ескертілді.

Рейд Әл-Фараби аудандық Полиция, СЭББ және қалалық Энергетика және инфрақұрылым басқармаларымен бірлесе өткізілді.