АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті. Жеке қабылдауға 10-ға жуық тұрғын қатысып, көшеге асфальт төсеу, жарықтандыру, аулаға балалар алаңшасын орнату және атаулы әлеуметтік көмекке қатысты мәселелерін көтерді.

Қошқар ата көшесінің тұрғыны А. Садироваға аудан әкімі Рашид Мыңбаев биыл жоспарға сәйкес аталған көшеге тас жолдың төселетінін, ал асфальт салу үшін тиісті басқармаға келесі жылға ұсыныс жолданатынын жеткізді.

Ал А. Ешемановқа Майлы қожа көшесі бойындағы сынған жарық шамдарының тез арада қалыпқа келтіретіні түсіндірілді.

Естеріңізге салайық, аудан әкімінің жеке қабылдауы екі аптада бір рет тұрақты түрде өткізіледі. Жазылу үшін жеке төлқұжатпен Әл-Фараби ауданы әкімдігіне (Тыныбаев №49) келіп, алдын ала жазылу керек.