АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

5 сұрақ айдары

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

1) Сәлеметсіз бе, мен бұрын зейнетақы жинақтарым туралы ақпаратты пошта жәшігіме хат алу арқылы білетінмін, бірақ бірнеше жылдан бері бұрынғы мекенжайда тұрмаймын. Жинақтарымды қазір қалай тексеруге болады?  

Cізге ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың төмендегі тәсілдері қолжетімді:   

  • kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін, біржолғы парольді пайдалана отырып;
  • БЖЗҚ мобильді қосымшасында ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдана отырып;
  • cabinet.enpf.kz/porog порталында ЭЦҚ немесе ЖСН және mgov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалану арқылы;
  • kz «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» веб-порталында немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы;
  • салымшының қосымша өтініш беруі талап етілмейтін, БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме алу арқылы;
  • пошта байланысы қызметі арқылы (БЖЗҚ дерекқорында тіркелген пошта мекенжайына жыл сайынғы хабарлау барысында жылына бір рет);
  • салымшы жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген жақын жердегі өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде.

 БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Байланыстар»–«Өңірлік желі» бөлімдерінде берілген картадан ең жақын бөлімшені таңдау мүмкіндігі де бар. Онда бөлімшенің жұмыс кестесі мен байланыс телефондары көрсетілген.

 Қорға барлық мәселелер  бойынша 1418 тегін нөміріне (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) қоңырау шалу арқылы жүгінуге болады. Сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber-дегі чат-бот арқылы, Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларында кеңес алуға болады.

2) Қайырлы күн! Мен автокөлігімді 5 жылға несиеге сатып алдым, тағы екі жыл төлеуім керек, қалған соманы зейнетақы жинақтарымнан төлей аламын ба?

Қазақстан Республикасының 02.01.2021ж. № 399-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге ақы төлеу үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, сондай-ақ, жеке меншік басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқылы.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30, 31 және 32-баптарының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төмендегі адамдар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өзінің, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздері немесе жұбайы (зайыбы) не жақын туыстары үшін емделу ақысын төлеу үшін пайдалану құқығын қолдана алады:

           1) олардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинағының белгіленген ең аз жеткіліктілік шегінен асып түсуі керек.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күнге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауы тиіс;

2)   зейнетақы мөлшері, ал Заңның 11-бабының 7-тармағында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы және ай сайынғы қамтылым сомасы алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін қамтамасыз ете алуы керек. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық табыстан аспайтын табысы ескеріледі.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан бастапқы электрондық хабарламаны алған күнге салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс;

3)   сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандар; 

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинағының мөлшерінен аспауы қажет.

Осылайша, зейнетақы жинақтары тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарға және тәртіппен пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын тұтынушылық несиелерді төлеуге пайдалануға болмайды.

3) Қайырлы күн! Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын алуға дайындалып жатырмын және мені жеке табыс салығын төлеу туралы мәселе қызықтырады. Мен оны қазір толық төлеймін бе? Зейнетке шыққаннан кейін маған қалған жинақтарым қалай төленеді? Шегерімдер бар ма?

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларына салық салу тәртібін айқындау мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 351-1-бабында тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС (жеке табыс салығы) есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері көзделген.

          ЖТС біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына Салық кодексінің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді (10%) қолдану арқылы есептеледі.

            Салық кодексінің 351-1-бабы 2-тармағына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасынан ЖТС ұстап қалу және аударуды БЖЗҚ жеке тұлғаның ЖТС ұстап қалу туралы өтінішіне сәйкес төмендегі тәсілдердің бірі бойынша жүргізеді:

           1) Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған күннен кешіктірмей, бір мезгілде;

          2) БЖЗҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесі бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен.

ЖТС ұстап қалу жеке тұлғаның БЖЗҚ ретіндегі салық агентіне ұсынатын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысандағы ЖТС ұстап қалу туралы өтініштің негізінде жүргізіледі.

Осылайша  жеке тұлға біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС-ты Салық кодексінің 351-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұстап қалу туралы өтініш берген кезде, БЖЗҚ ЖТС ұстап қалу мен аударуды зейнетақы төлемдері үшін БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша зейнетақы жасына жеткен кезде жүзеге асырады.

Біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктерін айқындайтын Салық кодексінің 351-1-бабында салық шегерімдерін қолдану көзделмегеніне назар аударамыз. Яғни, ЖТС есептеуге арналған салық салынатын базадан салық шегерімдері тек біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша ғана қолданылмайды.

Кейіннен зейнеткерлікке шыққан кезде Салық кодексінің 353-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен алушының БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуы кезінде салық шегерімдерін қолдану құқығы сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ) жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды, ЖТС зейнетақы төлемдерін алған кезде ғана ұсталады. Бұл ретте салық шегерімдері (ұсталатын салық сомасын есептеу үшін салық салынатын базадан шегерілетін сомалар) қолданылады.

Сандармен қарастырайық. Мысалы, БЖЗҚ-дан берілетін төлем 50 000 теңгені құрайды. ЖТС есептеу үшін салық шегерімі ретінде ең төменгі жалақының (ЕТЖ) бір мөлшері – 42 500 теңге қолданылады. Бұл жағдайда ЖТС салуға жататын сома (немесе салық салынатын база) 7 500 теңгені (50 000 теңге - 42 500 теңге = 7 500 теңге) құрайды. Дәл осы сомадан 10% немесе 750 теңге мөлшерінде ЖТС ұсталатын болады.

Осылайша  алушыға 49 250 теңге (50 000 теңге - 750 теңге = 49 250 теңге) мөлшеріндегі сома аударылады.

Егер бұрын алушы біржолғы зейнетақы төлемін алу құқығын пайдаланған болса, мысалы, бұрын өзінің жеке зейнетақы шотынан 5 млн теңге мөлшеріндегі қаржыны ЖТС-ты (10% немесе 500 мың теңге мөлшерінде) зейнетақы жасында төлеу үшін кейінге қалдыра отырып, алған болса, онда мұндай алушының зейнет жасы бойынша зейнетақы төлемі былайша өзгереді.

Кейінге қалдырылған ЖТС сомасы зейнетақы төлемдерінің санына, бірақ 192 төлемнен артық емес (кейінге қалдырылған ЖТС төлемі 16 жылдан аспайтын кезең ішінде жүзеге асырылады) көлемге бөлінеді. 500 000 теңге / 192 төлем = 2 604, 16 теңге.

Алушыға 46 645,84 теңге (50 000 теңге - 750 теңге - 2 604,16  теңге = 46 645,84 теңге) мөлшеріндегі сома аударылады.

4) Біздің анамыз ресми түрде жұмысқа орналаспаған және өз қолымен дайындаған тоқыма заттарын сатумен айналысады. Бірақ ол болашақта зейнетақысы аз болады деп алаңдайды, өйткені, оған жұмыс өтілі есептелмейді. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

Сіздің анаңызға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуге болады. БЖТ төлеуші болу үшін салық органдарына тіркелудің қажеті жоқ, тек бірыңғай жиынтық төлемнің белгіленген сомасын төлеу керек. БЖТ-ның ай сайынғы төлем мөлшері республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК (2021 жылы – 2 917 тг.), басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (2021 жылы – 1458,5 тг.). Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына бір сомамен жүргізіледі. Төлемді жүзеге асыру үшін банкте есеп айырысу шотын ашу талап етілмейді. Бірыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттік корпорация мынадай пропорцияда бөледі: 10 % - жеке табыс салығы (ЖТС), 20 % - әлеуметтік аударымдар (ӘА), 30 % - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 40% - міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).  Зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар үшін төлемнің барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтік төлемдерге бөлу жүргізілмейді.

Осылайша  БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне және қалыптасқан жинақтарға байланысты зейнетақы төлемін алуға құқық береді. Бұл  анаңызға расталған еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, БЖТ төлегеннен кейін ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болады және медициналық мекемені таңдау құқығын беретін сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізеді. Сондай-ақ, ол еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылған жағдайларда және заңда көзделген басқа да жағдайларда әлеуметтік төлемдер ала алады.

Болашақта анаңыз үшін лайықты зейнетақыны қамтамасыз етіп, ол кісінің зейнетақы шотын толықтыру үшін Сіз немесе анаңыздың өзі ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыра аласыздар. Жарнаның мөлшерін және ЕЗЖ төлеу кезеңділігін, сондай-ақ, ЕЗЖ төлеу құқығы басталған кезде зейнетақы жинақтарын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ол үшін БЖЗҚ-мен шарт жасасып, БЖЗҚ-ға ерікті аударымдарды Шартта көрсетілген банк деректемелеріне аудару қажет. Ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтында өзекті ЭЦҚ кілтінің көмегімен ЕЗЖ-ны есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын онлайн ашу қызметі іске асырылды. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктік қызметтер – Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады. Нәтижесінде, ЕЗЖ Сіздің анаңыз үшін базалық зейнетақыға тамаша қосымша төлем болуы мүмкін.

  1. Сәлеметсіз бе! Мен Ресей азаматымын, бірақ 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда уақытша тұрамын және жұмыс істеймін. Мен үшін зейнетақы жинақтары қалай төленуі тиіс?

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін және отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасына, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жасалған дербес халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (бұдан әрі - Келісім) осындай халықаралық шарт болып есептеледі.

Келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты жағдай мен тәртіп бойынша қалыптастыру. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей етіп берілетініне кепілдік беруі тиіс. 

Өтпелі ережелерді қамтитын Келісімнің 12-бабында зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылатыны көзделген:

            Келісім күшіне енгеннен кейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақыны ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағында еңбек етіп, жинақталған жұмыс өтілі үшін сол мемлекет тағайындайды және төлейді;

            Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін – 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес тағайындалады және төленеді.

Осылайша Келісім нормалары жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарының міндетті түрде төленуін көздейтін еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасаса отырып, ресми жұмысқа орналасқан жағдайда еңбекшілердің Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде жинаған жұмыс өтіліне ғана қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3. тармақшасында Қазақстан Республикасында Келісім БЖЗҚ-дан зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдеріне қолданылатыны белгіленген:

1) зейнеткерлік жасқа толғанда;

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік белгіленген кезде;

3) мұрагерлерге біржолғы төлем.

Осы айтылғандарды ескере отырып:

  1. ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс беруші Қазақстанда шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алмай, еңбек қызметін еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде жүзеге асыратын ЕАЭО елдері азаматтарының табысын есептеу кезінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (МЗЖ және МКЗЖ) ұстап қалуға және аударуға міндетті. Бұл ретте МЗЖ-ны есепке алатын жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жұмыс беруші аударған МЗЖ-ның бастапқы сомасы түскен кезде БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады, ал МКЗЖ аудару үшін БЖЗҚ-ға жұмыс берушімен бірге келіп, ЖЗШ ашу туралы өтініш беру қажет;
  2. жұмыс берушімен жасасқан еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда аталған тұлғалардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген талаптар басталған кезде ғана пайда болады.

Салымшының зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға

беру кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

           Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен жұмыс істеп жатқан ИПБ тізбесімен танысып, enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару" бөлімінде олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз.

            Бұдан әрі зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш беруі қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

            Салымшы дербес жүгінген кезде жеке куәлігін көрсетіп, содан кейін қажетті құжаттарды толтыруы керек, оған қажет болған жағдайда Қор менеджерлері көмектеседі.

            enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аударуға өтініш берген кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет: 

Бірінші қадам. enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторлану. Жеке кабинетке сайттың басты бетінен  немесе «Электрондық сервистер» бөлімінен кіруге болады.

Екінші қадам. Жеке кабинеттің басты бетінде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына беруге қолжетімді МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізу.

Үшінші қадам. Жеке кабинеттің «Қызметтер» шағын бөліміне өту.

Төртінші қадам. «Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға аудару» қызметін таңдау. «Өтініш деректемелерін енгізу» терезесінде салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасынан автоматты түрде шығарылады. Жеке басты куәландыратын құжаттың бар және оның қолданыста екендігі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен салыстырылады. Егер осы ақпараттың біреуі (мысалы, мекен-жайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.

Бесінші қадам. «Өрістерді толтырыңыз» бөлімінде қазіргі уақытта әдепкі бойынша «инвестициялық портфельді басқарушыны таңдауға байланысты» опциясы қойылады.

Бұл жерде:  

1) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ) ИПБ-ға аударуға ниет білдірген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау қажет;

2) ұсынылып отырған ИПБ анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын таңдау;

3) сенімгерлікпен басқаруға аудару үшін қолжетімді соманы көрсету;

4) ұсынылған ақпаратпен танысу және оған келісу/келіспеушілік білдіру қажет.

Алтыншы қадам. Өтінішке өзінің ЭЦҚ арқылы қол қою.  

Жетінші қадам. Жеке кабинеттің басты бетіндегі «Өтініштердің мәртебесін қадағалау» шағын бөлімінде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау.   

БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. 

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдерін алу (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) ретінде есептелмейді және оларды ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ жалған хабарламалар таратылып жатқаны туралы ескертеді!

            Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы хабарлайды. Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеуге керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды. БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

           БЖЗҚ кезекті рет осындай жіберілімдерді жүзеге асырмайтынын және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды.

            Сондай-ақ, Қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеруді сұрайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру тәртібі туралы

            2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.

             Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі:

- зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін ИПБ-ға қойылатын талаптарды, сондай-ақ, зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

- зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келетін ИПБ тізілімін ай сайын жүргізеді және өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

            Салымшы сондай-ақ, қолданыстағы ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында таныса алады.

             Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін:

             ИПБ тарапынан:

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;

2) ИПБ уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;

3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;  

4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.

салымшы тарапынан:

1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;  

2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуы тиіс.

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келіп, өтініш білдіргенде берілуі мүмкін.

БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. 

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері түріне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген, яғни рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% - ынан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітетін болады және ол жылына көп дегенде бір рет өзгеруі мүмкін.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті жылына көп дегенде бір рет беруге;

- БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруге құқылы.

Салымшы зейнет  жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Нарыққа екі басқарушы компания шықты

            Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

«First Heartland Jysan Invest»;

«BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);

«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ»  АҚ;

«First Heartland Capital» АҚ;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ.

            Алайда зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен  басқаруға беру үшін бұл компанияларға зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.

             2021 жылдың 18 ақпанында «БЖЗҚ» АҚ мен «First Heartland Jysan Invest» АҚ арасында, сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ) арасында зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттар жасалды.

              «First Heartland Jysan Invest» АҚ-ның кастодиан-банкі «Сбербанк» АҚ ЕҰ, «Halyk Global Markets»  АҚ-ның («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ) кастодиан-банкі «Банк ЦентрКредит» АҚ болды.

               Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ИПБ-ны таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келген кезде берілуі мүмкін.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ  бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дамыған өңірлік желілері бар. Алайда Қазақстан аумағының кең байтақ екендігіне байланысты әрбір шалғай ауданда немесе елді мекенде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерін ашу мүмкін емес. Сондықтан осы мәселені шешу үшін  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  «Мобильді кеңсе» жобасының жұмыс істеп келе жатқанына биыл міне, үшінші жыл. «Мобильді кеңсе» – салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде  жерсеріктік байланыс құралдарымен жабдықталған заманауи шағын автобус.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындары БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін барлық қызметтерді «Мобильді кеңсе» арқылы ала алады. Атап айтқанда, жұртшылық шоттан үзінді көшірме алуға немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашып, ақпараттандыру тәсілін өзгерте алады және т.б.

Қазіргі уақытта «Мобильді кеңсе» Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы  шалғай елді мекендерге қызмет көрсетуде.

БЖЗҚ 2021 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының шалғайдағы елді мекендерін жылжымалы кеңселермен қамтыды.

«Мобильді кеңсенің»  шалғай аудандарға сапары жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіледі. Олар өз кезегінде тұрғындарды «Мобильді кеңсенің» келетіндігі туралы хабардар етеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ-дан жасына байланысты ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңгені құрады

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры  167 423 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 73,8 миллиард теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд теңге;

- зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд теңге;

- жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты)  25 886 теңге, ал  ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңге болды. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 13 триллион теңгеден асты  

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері 

2021 жылдың 1 ақпанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.02.2020 жылдан бастап 01.02.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2,  триллион теңгеден аса немесе 21% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,8 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім – 20%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 324,4 млрд теңге (өсім 29%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 13%) жетті.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 ақпанына дейінгі бір ай ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 176,7 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өткен жөн, бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,5 млрд теңгеге артық.

2021 жылдың басынан бері БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 88,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге немесе 3% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 93,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 82,8 млрд теңге (өсім 2%), 5,9 млрд теңге (өсім 20%) МКЗЖ бойынша келіп түсті, 29 млн теңге (өсім 82%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (жыл ішіндегі өсім 11%). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 10 977 453 (жыл ішіндегі өсім 11%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 529 571 (өсім 4%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 59 034 (өсім 8%).

          Төлемдер 73,8 млрд теңгені құрады, 2020 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіштермен салыстырғанда сома 55,9 млрд теңгеге ұлғайды. Көп жағдайда мұндай өсу 2021 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының күшіне енуімен байланысты.

           Осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні, 2021 жылдың 1 ақпанында БЖЗҚ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан БЖЗҚ-ға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банк» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49 млрд теңге болатын 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома салымшылардың арнайы шоттарына аудару және әрі қарай мақсатты пайдалану үшін «Отбасы банк» АҚ-ға аударылды.

              Осыған байланысты БЖЗҚ-дан төлемдер өсті. Сонымен қатар, төлемдер сомасы бойынша сақтандыру ұйымдарына да аударымдар жасалды (9,1 млрд теңге), одан кейінгі орында жасына байланысты төлемдер (6,5 млрд теңге), мұрагерлерге (5,9 млрд теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ шығу бойынша төлемдер (2,1 млрд теңге), жерлеуге арналған төлемдер (0,4 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдер (0,2 млрд теңге).             

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ салымшылары бір ай ішінде 4 миллионнан аса қызмет алды

            Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек қаңтар айында, яғни 01.01.2021-01.02.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 4,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп. Айта кету керек, өсім электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тікелей көрсетілген қызметтер бойынша да болды.

            Виртуалды кеңістікте Қордың қызметтерін 3,9 миллион салымшы алды, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 92% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда  онлайн қызметтердің танымалдылығы үш есе ұлғайды. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинеттің көмегімен салымшылар үйден шықпай-ақ, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама ала алады. Зейнетақы жинақтарының сомасын ішінара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшін тексеріп, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бере алады.

              Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша Қазақстан бойынша орналасқан Қор филиалдарына өтініш білдіруде. БЖЗҚ бөлімшелерінде салымшылар 312 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 35,9 мың қызметке көп.

              БЖЗҚ міндеттерінің бірі – Қордың салымшылары мен алушылары үшін сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2021 жылғы қаңтарда кері байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтініштердің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда үш еседен астам артты. 2021 жылдың бірінші айында 252,5 мың өтініш, ал 2020 жылдың қаңтарында 78,8 мың өтініш берілді.

              Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестерді  www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

БЖЗҚ салымшыларының тең жартысы өз жинақтарын интернет арқылы бақылайды

            «БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) өздерінің жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы хабардар ету бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырады.

            Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей өзі келгенде, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алу және электрондық тәсіл арқылы білуге болады.

            Қазіргі уақытта ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпараттандырудың ең танымал тәсілі – электрондық тәсіл. 2021 жылдың 1 ақпанына оны 6,7 млн  астам ЖЗШ иелері таңдады. Бұл ретте 5 876 269 шоттың жай-күйі туралы салымшылар мен алушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе ENPF мобильді қосымшасында біле алады. Осындай хабарлау тәсілін таңдағандар саны бір жыл ішінде 248 531 адамға көбейді.

             БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы үзінді көшірмені 836 399 салымшы алады. Естеріңізге сала кетейік, ақпараттандырудың осы әдісіне сәйкес ЖЗШ-дан үзінді-көшірме салымшыға таңдалған кестеге сай электрондық пошта арқылы келеді.

 Дәстүрлі пошта арқылы ақпараттандыру өз танымалдылығын біртіндеп жоғалтуда. 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша осы тәсілмен 1 268 206 салымшы өз ЖЗШ-сын бақылайды екен. Бұл өткен 2020 жылғы 1 ақпанға қарағанда 81,9 мыңға аз. Егер салымшы ЖЗШ-дан үзінді көшірмені жылына бір рет дәстүрлі пошта арқылы алуды қалап, бірақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен болса, онда ол бұл туралы Қорға хабарлауы тиіс екенін естеріңізге саламыз. Айтқандай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында мұны мекенжайы өзгергеннен кейінгі 10 күн ішінде жүзеге асыру қажет деп көрсетілген. Олай болмаған жағдайда, пошта операторы ЖЗШ-дан үзінді көшірмені мекенжай иесіне жеткізе алмайды және ол Қорға қайтып оралады, яғни Қор ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені келесі жылы мұндай салымшыға жібермейді.

БЖЗҚ  зейнетақы шотын кез-келген ыңғайлы тәсілмен үнемі қадағалап отыру қажеттілігін еске салады. Себебі, ол шоттың үнемі толықтырылып отырғанына және болашақ зейнетақыны жоспарлауға сенімді болу үшін керек.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Егер біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса, не болады?

         2021 жылдың 1 ақпанынан бастап БЖЗҚ уәкілетті оператор болып белгіленген банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудара бастады.

         Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператор – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы арнайы шотқа түскеннен кейін алушы 45 жұмыс күні ішінде (Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес) уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады.

         Уәкілетті операторға растаушы құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

         Салымшы сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасын БЖЗҚ уәкілетті оператордағы арнайы шотқа аударғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде бұл қаражаттың инвестициялық басқарудан алынатынына,  демек, оған инвестициялық табыстың есептелмейтініне назар аударғымыз келеді.

         БЖЗҚ-ғы зейнетақы активтерінің 2020 жылғы жылдық табыстылығы 10,92%  құрады. Егер осы деректерді негізге алсақ, мәселен, 45 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған біржолғы зейнетақы төлемінің  5,5 млн теңге мөлшеріндегі орташа сомасын уәкілетті оператордағы арнайы шоттан БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін осы кезеңдегі салымшы толық алмаған инвестициялық табыс мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрауы мүмкін.

         Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттің заңда көзделген кепілдігі қолданылмайды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.

         Осыған орай, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табыс пен мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен әрі мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін өтінім бергенге дейін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.