ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына және карантин талаптарына сәйкес, халық алдында есеп онлайн түрде беруде!

Карантин талаптарына байланысты коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында аудан әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы өз есебін онлайн түрде өткізді.
2020 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған аудан әкімі өз баяндамасында халықпен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар, «Халық қатысатын бюджет» жобасы, білім және денсаулық саласы, ауданға тартылған инвестиция көлемі, көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары, жарықтандыру мен инфрақұрылым мәселері бойынша айтып өтті.
Сонымен қатар, алдағы уақытта қала әкімінің бекіткен 2021-2025жж аралығындағы ауданның даму жоспарында көресетілген көрсеткіштерге сәйкес жұмыстар атқарылатындығын мәлімдеді.
Мұнан бөлек есепті кездесуді аудан тұрғындары Instagram және facebook әлеуметтік желілері арқылы көруге мүмкіндік жасалып, тікелей эфир барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.