АУДАН АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАНУДА!

АУДАН АУМАҒЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАНУДА!

Аудан аумағында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ тәуліктің күндізгі және кешкі уақытында карантин режимі мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау бойынша тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, прокуратура, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бар.
Кезекті тексеру жұмыстары аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда жүргізіліп, уақытылы жабылуы мен анықталған азаматтырдың жеке басы анықталып, карантин режим кезінде санитарлық талаптарды бұзғандарға хаттама толтырылды.
Санитарлық – эпидемиологиялық ережелердің сақталуы, жұртшылықтың індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болмақ, құрметті қала тұрғындары!
Еске сала кетейік, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілген болатын.